Экономика

2020 жылдың наурызынан Қазақстан экономикасы алғаш рет қалпына келуде

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткішінің өсу қарқыны өткен жылғы наурыз айынан бері алғаш рет оң нәтиже көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім өсу қарқыны өткен жылғы наурыз айынан бері алғаш рет 0,7%-ды құрады. Қазақстан экономикасы өсудің қалпына келу серпініне өтуде. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсаруда. Өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсу байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетіп отыр. Сонымен бірге экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай өсуде. Жалпы алғанда, экономика өсімінің құрылымда сапалы өзгерістер байқалуда.", – деді Ерғалиев.

Министрдің ақпаратынша, экономика дамуының басты драйвері өткен жылдан бері нақты сектордың тұрақты өсуі болып табылды. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектордағы өсу 7,9%-ды құрады.

"Құрылыс, ақпарат пен байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен және электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салаларында жоғарғы өсу жалғасуда. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібі соңғы он жылдағы ең жоғары өсуді көрсеткенін айта кеткен жөн. Қызмет көрсету саласы қалпына келуде. Сауданың 5,7%-ға өсуі аясында қызмет көрсету секторы оң өсуді көрсетті", – деп жалғастырды министр.

Ол қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд долларға жеткенін атап өттіі, оның ішінде экспорт – 11,5 млрд долларды құрады. Бұл ретте шикізаттық емес тауарлар экспорты 15%-ға өсіп, 4 млрд долларға дейін жетті. Тауарлар импорты 8,2 млрд долларды құрады. Оң сауда балансы 3,3 млрд доллардан асты.

"Жалпы, өсудің тұрақты қарқыны мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі. Олар ауылшаруашылықөңдеу саласын инвестициялауды ынталандыруға,ауылшаруашылық техниканың лизингіне, экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған. Сауда және көлік бойынша жағдай жақсаруда, бұл өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артқандығын айғақтайды", – деп түйді Ерғалиев.
09:32, 12 Мамыр 2021
0
10510
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны