Әлем

Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда 9 млн рубльге сатылды

Фото с сайта globalsib.com
Рубинштейн көшесіндегі достарының үйінен табылған атақты рок-музыкант Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда тоғыз миллион рубльге сатылды. Бұл туралы "Литфонд" аукцион үйінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазды Ria.ru.

Осыған дейін аукцион үйінің бас директоры Сергей Бурмистров агенттікке Рубинштейн көшесіндегі достарының пәтерінен табылған Цойдың кеңестік төлқұжатын, достарының телефон нөмерлері жазылған қойын кітапшасын, сонымен қатар екі әнінің қолжазбасын сату үшін "Литфондқа" тапсырғанын айтқан.

Лоттың бастапқы құны 2,5 миллион рубльді құрады.

Сонымен бірге аукционда музыканттың қойын кітапшасын 3 миллион рубльге сатып алды. Оның бастапқы бағасы 500 мың рубльді құраған. Ал "Хочу перемен!" әнінің қолжазбасы —3,6 миллион рубльге сатылды.



09:31, 27 Қыркүйек 2018
0
14777
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны