Әлем

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Қырғызстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

Фоо: newtimes.kz
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қырғызстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

5 қазанда Қырғызстанда тәртіпсіздіктер басталды – сайлауда парламентке өтпеген партиялардың өкілдері наразылығын білдірді. Наразылық білдірушілер сайлау нәтижелерін жоққа шығаруды және қайта дауыс беруді талап етті. Кешке наразылық білдірушілер мен қарулы күштер арасында қақтығыстар басталды.

Автор:
Екатерина Елисеева
12:30, 6 Қазан 2020
0
15289
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны