Әлем

Сушиден уланған кореялық қолынан айырылды

Суши жеп уланған Оңтүстік Корея тұрғынының қолына ампутация жасады, деп хабарлайды ria.ru.

"Тамақтанған соң 12 сағаттан кейін 71 жастағы ер адамның сол алақаны қатты ісіп кетті. Бұған шикі балықта болатын Vibrio Vulnificus бактериясымен улануы себеп болды. Дәрігерлер іріңді түтікпен шығарып, уланған тінді алып тастады да науқасқа қажетті антибиотиктерді жазып берді", - деп жазды New England Journal of Medicine.

Алайда емдік шаралары көмектеспеді. Уланғаннан 25 күн өткен соң дәрігерлерге екінші рет келген ер адамда тіндер некрозы байқалды. Осыған байланысты оның қолына (білегіне дейін) ампутация жасау шешіміне келді.

09:51, 29 Тамыз 2018
0
15312
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны