Әлем

Ресей мен Зимбабве арасында: Қазақстан жолы нашар елдердің рейтингісінде бар

Фото РИА Новости
2017-2018 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нұсқасы бойынша әлемдегі жолдары ең нашар және ең жақсы елдердің тізімі құрастырылды, деп хабарлайды Kazpravda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тізімде 137 ел бар. Жол сапасы бірден жетіге дейінгі шкаламен бағаланды. Еш ел жоғары ұпай жинамады.

Тізімге сенсек, ең нашар жолдар екі ұпай ғана алған Мавританияда екен. Одан кейін 2,1 баллмен Конго Демократиялық Республикасы мен Гаити орналасқан. Төртінші және бесінші орында сәйкесінше Мадагаскар мен Гвинея. Мұндағы жолдар 2,2 ұпайға бағаланды. Одан кейін тізімде Йемен (2,3 балл), Парагвай (2,4 балл), Украина (2,4 балл), Мозамбик (2,5 балл) және Молдавия (2,5 балл) тұр.

Атап өтейік, Қазақстан да 2,9 ұпаймен бұл тізімге ілігіп, 115 орыннан көрінді. Ол Ресей (2,9) мен Зимбабве (2,8) арасында.

Рейтингте бұл көсеткріш бойынша үздік деп атанғандар: Біріккен Араб Әмірлігі (6,4 балл), Сингапур (6,3 балл), Швейцария (6,3 балл), Гонконг (6,2 балл), Нидерланды (6,1 балл), Жапония (6,1 балл), Франция (6 балл), Португалия (6 балл), Австрия (6 балл), сонымен қатар АҚШ (5,7 балл).

08:15, 4 Маусым 2018
0
13558
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны