Әлем

Мысырдағы туристік автобустың жарылуы: жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Фото с сайта rg.ru
Мысырдағы туристік автобустың жарылуы салдарынан қазақстандықтар жапа шекпеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"2019 жылғы 19 мамырда Каир қаласыдағы Гиза ауданында автокөлік жолында орналастырылған жарылғыш қондырғының жарылысынан туристік автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік жарылды. Жарылыс салдарынан шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар зардап шекті. Мысыр Араб Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақстандық дипломаттарға берген алдын ала ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ", – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

БАҚ ақпаратынша, автобус ОАР-дан келген туристерді тасымалдаған. Олар әуежайдан пирамидаларға бет алған еді. Гиза прирамидалары маңында салынып жатқан жаңа мысырлық музей жанында жарылыс болды.



08:58, 20 Мамыр 2019
0
15853
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны