Әлем

ҚР СІМ Джакарта қаласында болған су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады

Фото пресс-службы МИД РК
ҚР Сыртқы істер министрлігі Индонезия астанасы Джакарта қаласында болған су тасқынына байланысты ҚР СІМ мәлімдемежасады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Қазақстанда Джакарта қаласы мен оның маңындағы аудандарда болған су тасқынының салдарынан адамдардың қазасына алып келген суыт хабарды үлкен күйзеліспен қабылдадық.Қазақстан бауырлас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасады.Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді, табиғи апаттың салдарын еңсеруді тілейміз", - делінген мәлімдемеде.

Жаңа жыл қарсаңында басталған жауын-шашын өңірде және Ява аралының оңтүстік бөлігінде су тасқынын тудырды. Бүгін, 5 қаңтарда Индонезияның табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі агенттігі қаза тапқандардың саны 60-қа жеткенін айтты. 170 000 астам адам қауіпсіз жерге шығарылды.

21:25, 5 Қаңтар 2020
0
14588
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны