Әлем

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды

Фото пресс-службы МИД РК
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР СІМ-де атап өткендей, жоба Қазақстан Елшілігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі оқиғасына орай жүзеге асырылды.

Маркада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 30 жылдығының логотипі бейнеленген және испан тілінде әрбір қазақстандықтың жүрегіне ыстық жазылған.



"Хат алмасудың күнделікті нышаны болып табылатын пошта маркасы испаниялықтарға Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын еске салады", – делінген хабарламада.

Кейінірек марканың арнайы өшіру рәсімін өткізу және оны Испания филателистік ұйымдарына жіберу жоспарлануда, деп қосты баспасөз қызметінде.
Автор:
Жанат Тукпиев
16:38, 19 Ақпан 2021
0
12884
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны