Әлем

Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Сеулге келді

14 қазанда баланы қағып кетіп соңынан Оңтүстік Кореядан кетіп қалған Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып келді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы азаматының келу барысы Елшілік қызметкерлерінің бақылауында өтті. Дипломаттар жеке сұхбат барысында оның құқықтарын түсіндіріп, тергеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі ұстаным бағыты туралы кеңес берді.

ҚР СІМ ақпаратынша, қазіргі уақытта қазақстандық Чангвон қаласының тергеу изоляторында. Елшілік бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауда.

Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, оңтүстіккореялық Чханвон қаласында қазақстандық 7 жастағы баланы қағып кетті.

Баланың әкесі, 34 жастағы Джанг Хендок 20 жастағы қазақстандық апаттан кейін келесі күні таңертең елден кеткенін айтты. Баланың миына қан құйылып, бас сүйегі жарақаттанған.

7 қазанда ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров күдікті табылғанын және Павлодарда екенін айтты.





Автор:
Айдана Демесинова
12:47, 14 Қазан 2019
0
15172
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны