Әлем

Анджелина Джоли психиатриялық ауруханаға түсті

Белгілі америкалық актриса, кинорежиссер және сценарийші Анджелина Джоли шұғыл психиатриялық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 7days.ru.

The Hollywood Weekend ақпаратынша, ауруханаға түсуге артық салмақ жөніндегі ойлар аясында туындаған жүйке жүйесінің бұзылуы себеп болды.

Басылым жазғандай, Джоли шамамен екі апта емделеді. Анджелинамен анорексия және булимия сияқты дерттермен айналысатын мамандар жұмыс жасайтын болады.  Соңғы екі жылда сымбатты голливуд жұлдызы 44 келіге арыды. Бұл күйзеліске Брэд Питтпен ажырасуы себеп болуы мүмкін деген болжамын шетелдік БАҚ жазды.

Жуырда Джоли мен Питт дауы өрши түсті. Анджелина күйеуін алимент төлемейді деп айыптады. Ол үкім көмегімен Брэдті бейресми (соттан тыс келіссөздер кезінде тараптармен келісілген сома) алимент төлеуге мәжбүрлеуді талап етті. Джолидің сөзіне қарағанда, Питт өз еркімен бұл соманы төлегісі келмейді.

Келесі күні Брэд адвокаты өз клиентінің атынан сөйлеп, Джоли айыбына жауап берді: ол ажырасу туралы жарияланғаннан бері, яғни 2016 жылдың қыркүйегінен Питт Джоли шотына 9 миллион доллар аударғанын айтты. Актер мұны растайтын дәйекзаттар ұсынуға дайын. Сөз соңында адвокат оның клиенті Джолидің бұл қылығы сотқа және қоғамдық пікірге әсер етудің этикадан жат әрекеті екенін атағанын жеткізді.



08:19, 13 Тамыз 2018
0
14415
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны