Мультимедиа

Түркістан облысында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған жеті жігіттің үшеуін тапты, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазавиақұтқару" тікұшағымен әуеден барлау барысында "Сайрам-Өгем" шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда", – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатқаны аталып өтілді.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ "Қазавиақұтқарудың" екі тікшағы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Төлеби ауданындағы "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған болатын. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.
Подписка

Популярное